
Жылыту маусымының қорытындысы бойынша ЖЭО жұмысы жақсара түсті. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді.
Бес станция «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, тағы үшеуі «сарыдан» «жасыл» аймаққа өтті.
Қазіргі таңда 37 ЖЭО-ның ішінде:
5-еуі — «қызыл» аймақта,
19-ы — «сары» аймақта,
13-і — «жасыл» аймақта.
ЖЭО сенімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда.