Аукцион өтті деп танылды.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компанияға рұқсат берілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 13 баға ұсыныстарын берді, жобалардың бірлік қуаты 4.95 -тен 10 МВт-қа дейін құрады.
Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 29.8 МВт құрады. 2020 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 21.69 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға ауқымы 21.69 - дан 21.09 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай компаниялар жеңімпаз болып анықталды:
Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KazEnergy» ЗТБ, «ҚЭҚ» ЗТБ, Еуропа қайта құру және даму банкі өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционды ұйымдастырушы «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.
Келесі аукцион 2020 жылғы 23 қарашаға 10 МВт БиоЭС түрі бойынша белгіленген.
Анықтама үшін:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 21.05.2020 ж. №202 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес 2020 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 250 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:
- күн электр станциялары – 55 МВт (оның ішінде 2 жобаның құжаттамасы бар, әр жобаның белгіленген қуаты 20 МВт);
- жел электр станциялары – 65 МВт;
- гидроэлектр станциялары – 120 МВт;
- БиоЭС – 10 МВт.
«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып анықталды.
(Сурет 24.kz сайтынан алынды)