
Вице-министр Ерлан Ақбаровтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, бизнес, ұйымдар және жер қойнауын пайдаланушылар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы аясында алғашқы кеңес өткізілді. Кеңес ұлттық компаниялардың көмірсутек саласындағы мұнай-газ жобаларында ел ішіндегі құндылықты дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелеріне арналды.
Вице-министр өз баяндамасында жергілікті қамтуды ұлғайту және отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ел ішіндегі құндылықты дамытудың тиімді жүйесін қалыптастыру бойынша ерекше назар аударуды талап ететін бағыттарды атап өтті.
Сондай-ақ, Вице-министр жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына қазақстандық тауар өндірушілерді, жұмыстар мен қызметтер жеткізушілерін тарту жөніндегі шараларды атап өтті. Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушылардың ел ішіндегі құндылықты дамыту бағдарламасын әзірлеу, онда тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу, сондай-ақ сатып алу үдерісінде қазақстандық жұмыстар (қызметтер) жеткізушілерін ынталандыру мен қолдауға бағытталған құралдар мен тетіктерді енгізу, отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасасу көзделген.
Қорытындысында Вице-министр Е. Ақбаров ағымдағы жылға арналған жергілікті қамтуды дамыту мәселелерін пысықтау бөлігіндегі алдағы жоспарлар мен тапсырмаларды жария етті.