Мұнай өнімдерін әкетуге уақытша тыйымды ұзарту туралы

Мұнай өнімдерін әкетуге уақытша тыйымды ұзарту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін ел аумағынан әкетуге енгізілген уақытша тыйымды ұзартуды жоспарлап отыр.

Бұйрық жобасына сәйкес, 2026 жылғы 21 мамырдан 21 қарашаға дейін мұнай өнімдерін ел аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылады. Сонымен қатар, жеңіл дистилляттарды теміржол көлігімен әкетуге қатысты қолданыстағы шектеулер сақталады.

Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойль, толуол, ксилол және мұнай битумын әкетуге енгізілген қосымша тыйымды да ұзарту көзделуде.

Қабылданған шаралар Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мұнай өнімдерінің ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған.