Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық басталды

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық басталды

Қазақстанда ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық 2020 жылғы 9 қарашада басталды. Ағымдағы жылы аукциондар жалпы қуаттылығы 20 МВт болатын гидроэлектр станцияларының жобаларын іріктеуден басталды. ҚР ЭМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Аукцион өтті деп танылды.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компанияға рұқсат етілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 27 баға ұсыныстарын берді, жобалардың бірлік қуаты 1-ден 5 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі – 23 МВт. 2020 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 15,48 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға ауқымы 14,98-ден 15,20 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады. Аукциондық сауда-саттықты өткізу Қағидаларының 56-1-тармағына сәйкес аукциондық сауда-саттыққа екі қатысушы 13,48 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) бағасы бойынша оферта қабылдады. Осыған байланысты аукциондық сауда-саттықтың баға диапазоны 13,48-ден 15,20 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай компаниялар жеңімпаз болып анықталды:

- «UBS POWER» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 13,48 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны  Шығыс-Қазақстан облысының Жарма ауданына жақын орналастыру жоспарлануда;

- «Jasyl qýat» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 13,48 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысы Төлеби ауданы Жоғарғы-Ақсу ауылдық округінің маңында орналастыру жоспарлануда;

- «ТАУЭНЕРГО» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 14,98 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксай ауылдық округінің маңында орналастыру жоспарлануда;

- «Altyn Esik» Басқарушы компания» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 3 МВт, аукциондық бағасы 14,99 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Алматы облысының Есік қаласына жақын жерде орналастыру жоспарлануда;

- «Көксу-Қуат»  ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 4,5 МВт, аукциондық бағасы 15 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Алматы облысы Көксу ауданы Лабасы ауылдық округіне жақын орналастыру жоспарлануда;

- «ТАУЭНЕРГО» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 15,01 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксай ауылдық округінің маңында орналастыру жоспарлануда;

- «Ынтымақ» ӘКК» өндірістік кооперативі (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 1,5 МВт, аукциондық бағасы 15,02 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Көкпақ ауылдық округінің маңында орналастыру жоспарлануда;

- «DALA SOLAR» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 15,03 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысы Кентау қаласы Майдантал ауылдық округінің Ынталы (Майдантал) ауылына жақын орналастыру жоспарлануда;

- «МТ и К» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 5 МВт, аукциондық бағасы 15,2 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Алматы облысы Сарқан ауданы Қарғалы ауылының маңында орналастыру жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің, «KazEnergy» ЗТБ, «ҚЭҚ» ЗТБ, Азия даму банкінің өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Келесі аукцион  2020 жылғы 10 қарашада  15 МВт  КЭС  түрі бойынша белгіленген.

Анықтамалық:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2020 ж. 21.05. №202 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу графигііне сәйкес 2020 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 250 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 55 МВт (оның ішінде 2 жоба құжаттамасы бар, әр жобаның белгіленген қуаты 20 МВт);

- жел электр станциялары – 65 МВт;

- су электр станциялары – 120 МВт; 

- БиоЭС – 10 МВт.

«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып анықталды.

(Сурет expertonline.kz сайтынан алынды)