
ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Польшаның инвестиция және сауда агенттігінің (PAIH) Басқарма төрағасы Анджей Дыхамен кездесу өткізді. Келссөздер барысында тараптар энергетика секторындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін және салалық жобаларға поляк капиталын тарту мәселелерін талқылады.
Кездесу аясында PAIH-тің инвесторлар мен экспорттаушылар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін Польшаның негізгі мемлекеттік институты ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды. Санжар Жаркешов агенттік тарапынан инвестициялық процестерді барлық кезеңде сүйемелдеу механизмдерімен танысты.
Сондай-ақ, тараптар әлеуетті серіктестерді іздеу және Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымына инновациялық технологиялық шешімдерді енгізу үшін PAIH-тің әлемнің 50-ден астам елінде орналасқан шетелдік сауда кеңселерінің жаһандық желісі арқылы өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктерін қарастырды.
Дискуссияның маңызды бағыты ретінде Қазақстан нарығының талаптарына бейімделген поляк технологиялары мен қызметтерінің экспортын қолдау, сондай-ақ компаниялардың бірлескен экономикалық миссиялар мен форумдарға қатысуына жәрдемдесу мәселелері айқындалды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен энергетикалық жобаларды іске асыру үшін қолайлы климат қалыптастыруға және жаһандық деңгейде Қазақстан мен Польша арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны нығайтуға екіжақты мүдделілік танытты.