Профессор Энергетика министрлігінің қызметкерлеріне Наурыз дәстүрлері туралы дәріс оқыды

Профессор Энергетика министрлігінің қызметкерлеріне Наурыз дәстүрлері туралы дәріс оқыды

Наурызнама онкүндігі және «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнін» мерекелеу аясында Энергетика министрлігінде Мақсұт Нәрікбаев атындағы Университеттің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Лепуда Мұқатаева ведомство қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу Наурыз мейрамының шығу тарихын терең зерделеуге, сондай-ақ қазақ халқының бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін сақтауға арналды.
Мазмұнды дәріс барысында Лепуда Мұқатаева көктемгі жаңарудың философиялық мәні мен мерекелік жоралғылардың қалыптасу кезеңдеріне тоқталып, қазіргі мемлекеттік қызметтегі ұлттық мұраның рөлін атап өтті.
Жиын интерактивті форматта өтті. Оның аясында білім беру блогымен қатар, жас мамандардың этнография мен Қазақстан тарихы саласындағы білімдерін сарапқа салған блиц-сауалнама ұйымдастырылды.
Ведомствоның мұндай бастамалары корпоративтік мәдениетті нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Бұл елдің мәдени кодын қастерлеуге және оған ұқыпты қарауды қалыптастыруға септігін тигізеді.