«Наурызнама» аясында Энергетика министрлігінің қызметкерлері қайырымдылық кітап акциясына қатысты

«Наурызнама» аясында Энергетика министрлігінің қызметкерлері қайырымдылық кітап акциясына қатысты

«Наурызнама» онкүндігі мен Қайырымдылық және тату көршілік күні аясында, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қызметкерлері түзеу мекемелерінің кітапхана қорын толықтыру бастамасына қолдау білдірді.
Акция аясында министрлік ұжымы әйелдер колониялары мен кәмелетке толмағандарға арналған колониялардың кітапханалары үшін кітаптар жинап, табыс етті.
Тапсырылған басылымдар сотталғандардың бос уақытын тиімді өткізуіне, мәдени деңгейін көтеруіне септігін тигізеді, сондай-ақ олардың әрі қарай әлеуметтенуіне және қоғамға қайта оралуына ықпал етеді.