Ерлан Ақкенженов Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді

Ерлан Ақкенженов Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов отын-энергетика кешенінің басшыларымен кеңес өткізіп, оның барысында еліміздің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандары мен энергетикалық инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын талқылады.
Ведомство басшысы ұлттық активтерді қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, мұнай-газ секторындағы, сондай-ақ электр және жылу энергетикасы саласындағы стратегиялық нысандарды қорғау бойынша кешенді жұмысты күшейтуді тапсырды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар мен жоспарлар туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «PSA» ЖШС және «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері баяндады.
Талқылау қорытындысы бойынша Ерлан Ақкенженов жауапты вице-министрлерге еліміздің энергетикалық секторының кепілді тұрақтылығын сақтау мақсатында қауіпсіздік мәселелерін жедел пысықтау үшін ұлттық компаниялармен және энергия кәсіпорындарымен тығыз іс-қимылды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.