Энергетика министрлігі «цифрлық егіздерді» және мұнай өнімдерінің өтпелі қадағалануын енгізуде

Энергетика министрлігі «цифрлық егіздерді» және мұнай өнімдерінің өтпелі қадағалануын енгізуде

ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында отын-энергетика кешенінің 2025 жылғы ауқымды цифрлық трансформациясы қорытындыланып, Мемлекет басшысының бастамасымен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланған 2026 жылға арналған стратегиялық басымдықтар таныстырылды.

2025 жылы цифрлық трансформацияның мемлекеттік саясаты аясында Энергетика министрлігі ОЭК-тің негізгі процестерін цифрландыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, бірқатар басым сервистерді енгізді: біріңғай цифрлық ортада жылыту маусымына дайындықты мониторингілеу жүйесі, электр станцияларының тарифтерін бекітуді автоматтандыру, сондай-ақ мұнай мен сұйытылған газды бөлудің ашық құралдары іске қосылды. Ведомствоның мемлекеттік функциялары аясында құрылған цифрлық шешімдер базасы жоспарлы түрде ауқымданып, өнеркәсіптік пайдалануға енгізіледі.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылына сәйкес, «Digital Qazaqstan» стратегиясы аясындағы негізгі бағыт саланы басқарудың бірыңғай цифрлық контурын қалыптастыру болмақ. Бұл процесс электр және мұнай-газ инфрақұрылымы нысандарының «цифрлық егіздерін» құруды, операциялық процестердің вертикальді онлайн-мониторингін енгізуді және мұнай мен мұнай өнімдерінің өтпелі қадағалануын қамтамасыз етуді қамтиды.

Цифрлық модельдер негізінде ОЭК дамытудың интеграцияланған мастер-жоспарын әзірлеу салаларды синхрондауға, сұранысты дәл болжауға және технологиялық жүйелердің киберқорғанысына ерекше назар аудара отырып, инвестициялық тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді.

Осы трансформацияның қорытындысы Министрлік пен сала субъектілерінің деректерге негізделген проактивті басқаруға көшуі болмақ, бұл елдің бүкіл энергетика жүйесінің жоғары ашықтығын, апаттылықтың төмендеуін және операциялық тиімділіктің артуын қамтамасыз етеді.