40 газдандыру жобасы 32 мың қазақстандықты «көк отынмен» қамтамасыз етеді

40 газдандыру жобасы 32 мың қазақстандықты «көк отынмен» қамтамасыз етеді

Газдандыру – елдің энергетикалық инфрақұрылымын дамытудағы басты басымдықтардың бірі. Қазіргі таңда елімізде 13 миллион адам газға қол жеткізген. Ал 2026 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейі 64,3%-ға жетіп, өткен жылдың сәйкес мерзімінен (62,4%) айтарлықтай өсім көрсетеді.
2025 жылы 94 ауылға табиғи газ жеткізіліп, 354 мың тұрғын қамтамасыз етілді.
Биыл тағы 40 газдандыру жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 10 ауылдағы 32 мыңнан астам адам газға қол жеткізетін болады. Бұл жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау мен Жетісу өңірлерін қамтиды.
Бас қаланы газдандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда Астанада 300 мың тұрғынның 290 мыңы газбен қамтылған. Биыл «Шұбар», «Үркер», «Өндіріс», «Пригородный» және «Garden Village» тұрғын массивтерін қосып, қаланы газдандыру жұмыстары толық аяқталады. Сонымен қатар, 2026-2027 жылдары Кызылсуат, Қаражар және Тайтөбе елдімекендеріне газ жеткізіліп, тағы 26 мың адам қамтылатын болады.
Қосымша тауарлық газ көлемін қамтамасыз ету мақсатында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңі салынуда. Жыл соңына дейін жылына 10 млрд кубометр газ өткізе алатын құбырдың желілік бөлігін аяқтау көзделуде. Екінші кезеңде компрессорлық стансалар салу қарастырылған, бұл газ құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млрд кубометрге дейін арттыруға мүмкіндік береді.