
Ағымдағы жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Ләззат Қосаевамен Заң қызметі департаментінің мемлекеттік қызметшілері арасында семинар өткізілді.
Семинар барысында Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге өз қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, қызмет тәртібін нығайту және қоғам тарапынан орынды сынға жол бермеу, мүдделер қақтығысын болғызбау мен реттеу жөніндегі шараларды қабылдау қажеттілігі атап өтілді.