ҚР Энергетика министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Л.А. Қосаева Газ өнеркәсібі және Мұнай тасымалдау және өңдеу Департаменттерінің мемлекеттік қызметшілеріне семинарлар өткізді.
Семинарлар барысында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге өз қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, қызмет тәртібін нығайту және қоғам тарапынан орынды сынға жол бермеу, сондай-ақ қазіргі кезде жиі жол берілетін бұзушылықтар бойынша нақты мысалдар келтіру арқылы бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған және мүдделер қақтығысын болғызбау мен реттеу жөніндегі шараларды қабылдау қажеттілігі атап өтілді.