
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Энергетика министрлігі отын-энергетика кешенінің негізгі процестеріне жасанды интеллект технологияларын жүйелі түрде енгізіп келеді.
Министрліктің тәсілі эксперименттік әзірлемелерге емес, инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға, апаттылықты төмендетуге және шығындарды оңтайландыруға бағытталған қолданбалы пилоттық жобаларды іске асыруға негізделген.
Қазіргі уақытта салада үш негізгі практикалық кейс жүзеге асуда:
Аталған шешімдердің барлығы пилоттық режимде апробациядан өтіп, жоғары тиімділігін көрсетті: диагностика уақыты жеделдеді, апаттылық деңгейі төмендеді және ресурстарды үнемдеу айтарлықтай артты. Президент қойған міндеттерге сәйкес, 2026 жылы Энергетика министрлігі электр және жылумен жабдықтау салаларында ЖИ-шешімдерді пилоттық кезеңнен ауқымды енгізуге көшіруді жоспарлап отыр.
Басым бағыттардың қатарында: ЖИ-дефектоскопиядағы ақаулар классификаторларын кеңейту, магистральдық құбыржолдарда құбырішілік диагностика технологияларын енгізу, сондай-ақ газ саласындағы цифрлық сервистерді одан әрі дамыту бар.
Сонымен қатар, Министрлік жасанды интеллект технологияларын әзірлейтін отандық ІТ-компаниялармен қол қойылған меморандумдар аясында жүйелі ынтымақтастықты жалғастырады.
2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялануы озық технологияларды жедел енгізуге және Қазақстан энергетикасын орнықты, цифрлық әрі технологиялық тұрғыдан тәуелсіз салаға айналдыруға қуатты серпін береді.