
Энергетика министрлігінде «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры, Салалық кеңестің төрайымы Ләззат Ахмурзинаның қатысуымен мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химиясы салаларындағы кәсіптік біліктіліктері жөніндегі салалық кеңестің ағымдағы жылғы алғашқы отырысы өтті. Отырысқа мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың, мұнай-газ компанияларының, кәсіптік одақтардың және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында қатысушыларға 2025 жылы кәсіптік стандарттарды өзектендіру бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары, сондай-ақ Министрлікпен 2025 жылы төмендегі бағыттар бойынша бекітілген кәсіптік стандарттар туралы ақпарат берілді:
– «Мұнай мен газды барлау және өндіру»;
– «Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау»;
– «Мұнай мен газды өңдеу және өткізу».
Оған қоса, 2026 жылға арналған салалық кеңестің жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өкілінің Кәсіби біліктілік жөніндегі Ұлттық органның қызметі және 2026 жылға арналған жоспарлары туралы ақпараты тыңдалды.
76 адамнан тұратын Салалық кеңестің жаңартылған құрамы бекітілді, құрамына мұнай-газ компанияларының, мұнай-газ секторы қауымдастықтарының, салалық және жергілікті кәсіптік одақтардың, сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдері енгізілді.
Салалық кеңес отырысының қорытындысы саладағы кәсіби біліктілікті тиімді дамыту үшін барлық мүдделі тараптардың іс-қимылдарын одан әрі өзара іс-қимыл мен үйлестірудің маңыздылығын растады.