
Энергетика министрлігі Энергетика секторларын жаңғырту ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымды (энергия және жылу өндіруші, энергия және жылу беруші ұйымдар) жаңғырту мен салу кезінде технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерін міндетті түрде жарақтандыру мен жаңғыртуды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізді.
Министрлік Siemens компаниясымен бірлесіп, «Астана-Энергия» АҚ энергия нысандарында (1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО) SCADA-жүйелеріне пилоттық зерттеу жүргізді.
Энергия нысандарында SCADA-жүйелерін пилоттық зерттеу кемелдік деңгейін анықтауға және энергетика саласындағы жаңғыртудың кешенді тәсілін қалыптастыруға бағытталған.
Жұмыс шеңберінде SCADA және АБЖ жүйелерінің ағымдағы жай-күйіне бағалау жүргізіліп, технологиялық және ақпараттық тәуекелдер анықталады, сондай-ақ энергия нысандары жұмысының сенімділігі мен тұрақтылығына әсер ететін түйткілді тұстар айқындалады.
Пилоттық зерттеудің нәтижелері SCADA-жүйелерін жаңғырту, өнеркәсіптік және ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша бірыңғай талаптар мен ұсынымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ еліміздің басқа да энергия және жылу өндіруші нысандарына озық тәжірибелерді кейіннен тарату үшін негіз болады.