Нұрлан Ноғаев Шымкент қаласы мен Түркістан облысының энергия өндіруші ұйымдарына барды

Нұрлан Ноғаев Шымкент қаласы мен Түркістан облысының энергия өндіруші ұйымдарына барды

ҚР Энергетика министрі жұмыс сапары аясында Шымкент қаласындағы «3-Энергоорталық» АҚ, сондай-ақ Кентау қаласындағы «Кентаусервис» МКК-ға барды, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

«3-Энергоорталық» АҚ ЖЭО-ның негізгі өндірістік қызметі электр және жылу энергиясын өндіру болып табылады. ЖЭО электр энергиясын өндіреді және Шымкент қаласының тұрғындарын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Қуаттылықты арттыру шеңберінде белгіленген қуаты 450 МВт бу-газ қондырғысын салу мәселесі пысықталуда. Жобаны егжей-тегжейлі бағалау үшін техникалық-экономикалық есепті әзірлеуге келісімшарт жасалды.

«Кентаусервис» МКК Кентау қаласын жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Министрді кәсіпорынның ағымдағы жағдайымен, көмірмен қамтамасыз ету мәселелерімен және жоспарлы жөндеу жұмыстарының графигімен таныстырды.

2020 жылғы 9 айда Түркістан облысы мен Шымкент қаласының негізгі энергия өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіру көлемі:

  1. «Шардара ГЭС» АҚ - 422,3 млн. кВтсағ;
  2. «3-Энергоорталық» АҚ (Шымкент ЖЭО-3) - 527,0 млн. кВтсағ;
  3. «Кентаусервис» МКК (ЖЭО-5) - 12,9 млн.кВтсағ. құрады.

Нұрлан Ноғаев кәсіпорындардың жұмысымен танысты, энергетиктердің станцияларды жаңғыртуға қатысты ұсыныстарын тыңдап, жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.