
Тұрар Әлімжан Қамбарұлы — «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбританиядағы University of Southampton университетін «электроэнергетика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын «KEGOC» АҚ-да жабдықтарды жөндеу жөніндегі электросілесір болып бастап, кейін құрылыс саласында және мемлекеттік қызметте жалғастырған.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінде бас маман қызметінен бастап, Электроэнергетиканы дамыту департаментінде басшылық лауазымдарға дейін қызмет атқарды. Осы кезеңде жылу және электр энергетикасы салаларын трансформациялау жөніндегі реформаларды үйлестірді.