
Энергетика министрлігі жанар-жағармай-энергетика кешенін басқарудың Бірыңғай мемлекеттік жүйесін енгізу және цифрлық трансформация шеңберінде есептілікті басқару жүйесін (Report Management System, RMS) іске асыруда.
RMS жүйесі есептілікті электронды түрде орталықтандырылған қабылдау, өңдеу және талдауға арналған және министрліктің салалық цифрлық экожүйесінің бір бөлігі болып табылады. Жүйе есепті деректерді стандарттауды, процестердің ашықтығын арттыруды және адами факторды алып тастау арқылы әкімшілік жүктемені азайтуды қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда жүйе арқылы келесі есеп түрлері қабылданады:
- тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі жылдық және орта мерзімді бағдарламалар;
- сатып алынған ТЖҚ және ішкі елдік құн туралы есептер;
- кадрларды оқытуға және ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығындар туралы есептер.
Қазіргі уақытта жүйе пилоттық режимде жұмыс істеуде, оның аясында функционал мен пайдаланушылармен өзара іс-қимыл процестері кезең-кезеңімен пысықталуда.
2025 жылдың IV тоқсаны бойынша жоғарыда көрсетілген есептерді қабылдау 2026 жылғы 1-15 қаңтар аралығында spon.energo.gov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
RMS жүйесін іске асыру салалық басқарудағы цифрлық құралдарды дамытуда маңызды қадам болып табылады және есептілікті одан әрі интеграциялаудың негізін қалайды.