
Энергетика министрлігінде Қоғамдық кеңестің қорытынды отырысы өтті, оған энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров қатысты. Кездесу барысында вице-министр Қоғамдық кеңес министрлік пен сарапшы қауымдастығы арасындағы ашық және конструктивті диалогты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Жақып Хайрушев Кеңестің қызметінің қорытындыларын жариялады. Есептік кезеңде Қоғамдық кеңес мүшелері 107 заңнамалық жобаны қарады, барлық материалдар белгіленген мерзімде зерттелді. Кездесулер барысында 34 мәселе, соның ішінде электр энергетикасы мен мұнай-газ саласына қатысты сұрақтар қаралды.
Отырыстың соңында марапаттау рәсімі өтті. Энергетика саласының дамуына қосқан үлесі және Энергетик күніне орай Қоғамдық кеңес төрағасы Жақып Хайрушев «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Энергетика мәселелері комитетінің басшысы Алмаз Абилдаев "Еңбек сіңірген энергетик төсбелгісімен" төсбелгісімен, Қоғамдық кеңес мүшесі Балжан Досмұхамбетова «Құрметті энергетик» төсбелгісімен марапатталды.