Саралжын учаскесінде геологиялық барлау бойынша келісім-шарт жасалды

Саралжын учаскесінде геологиялық барлау бойынша келісім-шарт жасалды

QazaqGaz ҰК АҚ геологиялық барлау қызметін кеңейуде: Батыс Қазақстан облысының Казталов, Бөкей Орда және Жаңғала аудандары аумағындағы перспективалы Саралжын учаскесіне пайдалануға беру туралы келісім-шарт жасалды. Құжатқа QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының геологиялық барлау және өндіру бойынша орынбасары Асылжан Дәулетов және ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров қол қойды.

Саралжын учаскесі көмірсутектердің жаңа қорларын ашу мүмкіндігі жоғары перспективалы аудан саналады. Алдағы геологиялық барлау жұмыстары ҚР үшін аса маңызды Каспий маңы шөгінді бассейнінің орталық бөлігінің геологиялық құрылымын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.

Келісімге қол қою геологиялық барлау шараларының толық кешенін жүргізуге мүмкіндік береді, оған сейсмикалық барлау, іздеу-барлау ұңғымаларын бұрғылау және кейінгі кезеңде учаскені өнеркәсіптік игеру перспективаларын бағалау кіреді.

QazaqGaz барлық жұмыстарды қазіргі заманғы экологиялық стандарттар мен өндірістік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Аталған жоба компанияның ресурс базасын және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға қосымша серпін береді.