Энергетика министрлігі мен Дүниежүзілік банк жылу және электрмен қамтамасыз ету кәсіпорындарын бағалауда

Энергетика министрлігі мен Дүниежүзілік банк жылу және электрмен қамтамасыз ету кәсіпорындарын бағалауда

Энергетика министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Биылғы қараша айында жылу және электрмен жабдықтау саласындағы жобалар мен 12 коммуналдық кәсіпорынның «пулы» бекітілді.
Сонымен қатар, PforR (program-for-Results) бағдарламасы аясында желтоқсанда 5 коммуналдық кәсіпорын қамтылды:
- «Каспий жылу, су арнасы»;
- «Астана АЭК»;
- «Астана Теплотранзит»;
- «Алатау Жарық Компаниясы»;
- «Алматы жылу желілері».

Бірінші кезеңде техникалық-экономикалық көрсеткіштерге талдау жүргізілді және желілердің тозу деңгейін төмендету үшін алдын ала жұмыс көлемі анықталды.
Жалпы, 2026 жылдың ақпан айының соңына дейін Энергетика министрлігі мен Дүниежүзілік банктің халықаралық сарапшылары, «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ әрбір кәсіпорын бойынша қорытынды есеп дайындайды, әрі қарай практикалық іске асыру үшін негізгі бағыттар айқындалатын болады.