Астанада оқушы экологиялық ертегілер топтамасын таныстырды

Астанада оқушы экологиялық ертегілер топтамасын таныстырды

Астанадағы ORTA Creative Hub алаңында 12 жастағы қазақстандық жас автор Платон Нечаев жазған «Платонның сиқырлы әлемдері» атты экологиялық ертегілер топтамасының таныстырылымы өтті. Жоба балалар арасында экологиялық ойлау қабілетін дамытуға және «Таза Қазақстан» бастамасын қолдауға бағытталған.

Шараға балалар мен ата-аналар, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдар, дипломатиялық миссиялар, бизнес және БАҚ өкілдері қатысты. Қонақтар қатарында — Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, ҚР Сенат Төрағасының кеңесшісі Динара Садвакасова, ҚР Энергетика министрінің кеңесшісі Әсел Серікпаева, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілі және БАӘ Елшілігінің дипломаты Айша Альмесмари болды.

Іс-шара барысында Платон Нечаев EcoStories жобасының дамуымен таныстырды. Жобаға кітаптар топтамасы, ойын түріндегі экотроптар мен білім беру мақсатындағы Telegram-бот кіреді. Балалар үшін экологиялық викторина мен PLATON 5D шығармашылық шеберлік сабағы ұйымдастырылып, эко-қаһармандар жасалды.

Кітап сатылымынан түскен қаражаттың бір бөлігі Астанадағы Ботаникалық бақта алғашқы ойын форматындағы экомаршрутты іске қосуға және көктемгі ағаш отырғызу бағдарламаларына жұмсалмақ.

«Платонның сиқырлы әлемдері» жобасы — бір баланың бастамасы қоғамды табиғатты аялауға және тұрақты болашаққа ұмтылуға шабыттандыра алатынының жарқын мысалы.

Шараны өткізуге серіктестер «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, ҚР Сенаты, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Экология министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, IG Entertainment агенттігі қолдау көрсетті.