Сұйытылған мұнай газы нарығындағы бағаны қайта реттеу тұрмыстық тұтынушыларға әсер етпейді

Сұйытылған мұнай газы нарығындағы бағаны қайта реттеу тұрмыстық тұтынушыларға әсер етпейді

Бұл туралы бүгін, 22 қазанда, Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Энергетика министрлігі Газ және мұнай-газ-химия департаментінің директоры Зияш Қияқбаев айтып өтті.

Қияқбаевтың айтуынша, бизнес үшін жүргізіліп жатқан цифрландыру  және әкімшілік кедергілерді азайту саясаты шеңберінде сұйытылған мұнай газын (СМГ) электрондық сауда алаңы (бұдан әрі – ЭСА) аясында ішкі нарыққа жеткізу арқылы газдың көтерме бағасын қайта реттеу қажет.

2019 жылғы ақпан айынан бастап СМГ-ны ішкі нарыққа жеткізу ЭСА арқылы жүзеге асырылады:

- «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес бағасы мемлекеттік реттеу арқылы жүргізілетін топтық резервуарлық қондырғылар және мұнай-газ-химия кәсіпорындары арқылы жеткізілетін тұрмыстық тұтынушыларға арналған СМГ көлемін қоспағанда,  жеткізу жоспары бойынша СМГ-ның барлық көлемін ЭСА-ға көшіру қажет, - деп атап өтті Зияш Қияқбаев. – Яғни, сұйытылған мұнай газын тұрмыстық жағдайда пайдаланатын тұтынушылар үшін, мысалы, ас әзірлеуге және т.б. пайдалануға бағаның мемлекетпен реттелуі жалғасатын болады.

2019 жылғы ақпан-маусым айлары аралығында ЭСА арқылы жеткізілуі қажет СМГ үлесі 5 % құрады, 2019 жылғы шілде-қыркүйек айлары аралығында 10 %,  2019 жылғы қазан айынан бастап - 15%, а.ж. қаңтар-ақпан айларында - 20%, ішкі нарыққа жеткізу жоспарына сәйкес наурыз айынан бастап тиісті айға   - 25% құрады.

- Сұйытылған мұнай газының барлық көлемін электрондық сауда алаңында сатуға толық көшіруді іске асыру 2024 жылдың қаңтар айына дейін қарастырылады, бұл бағаны соңғы тұтынушы үшін біртіндеп және ауыртпалықсыз қайта реттеуге мүмкіндік береді».