Қазақстанда жаңартылатын энергетика электр энергиясының 7%-дан астамын қамтамасыз етті

Қазақстанда жаңартылатын энергетика электр энергиясының 7%-дан астамын қамтамасыз етті
Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту мен инвестиция тарту үшін тұрақты жағдай қалыптастырып, «жасыл» технологиялар саласындағы жобаларды жүйелі түрде іске асырып келеді. Қазақстан жаңартылатын энергетика саласындағы жаһандық инвесторлар үшін тартымды алаң ретінде өз позициясын нығайтуда. 2025 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша таза генерацияның үлесі жалпы электр энергиясы өндірісінің 7 пайызынан асты, ал ЖЭК нысандарының жалпы саны 159 станцияға жетті. «2025 жылы жалпы қуаттылығы 266 МВт болатын бірқатар маңызды ЖЭК жобалары іске асырылды. Қарағанды және Ұлытау облыстарында жаңа жел электр станциялары, ал Қызылорда және Маңғыстау облыстарында күн электр станциялары іске қосылып, елдің энергожүйесіне үлес қосуда», – деді Ерлан Ақкенженов. Саланы дамытудың маңызды кезеңдерінің бірі – қуаты бір гигаватт болатын, энергия жинақтау жүйелерімен жабдықталған жел электр станциясын салуға арналған алғашқы ірі аукцион өткізу болды. Бұл жоба икемді әрі тұрақты энергожүйе қалыптастыруға жол ашып, нарықтың ауқымды бастамалар мен заманауи технологиялық шешімдерге дайындығын көрсетеді.