Астана, 2025 жылғы 4 желтоқсан. Энергетика министрi Ерлан Ақкенженов пен Финляндия Республикасының Төтенше және өкiлеттi елшiсi Янне Хейсканеннiң жұмыс кездесуі өтті.
Тараптар Финляндия Президентi А. Стуббтың жуырдағы сапарының қорытындыларын талқылап, бірлескен энергетикалық жобаларды iске асырудың алдағы қадамдарын айқындады. Әсіресе “ақылды желiлер” (Smart Grid) технологияларын енгізу және жоғары маневрлi генерацияны дамыту мәселелерiне ерекше назар аударылды.
Президент Стуббтың сапары аясында екіжақты меморандумға қол қойылғаннан кейін фин компанияларының қазақстандық энергия нарығына қызығушылығы артқаны атап өтілді. Елдің жалпы энергия балансындағы жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесі көбейіп келе жатқан жағдайда, желiнің тұрақтылығы мен маневрлiлiгiн қамтамасыз ету өзекті бола түсті. Осыған байланысты тараптар күн мен жел генерациясының құбылмалылығын теңгеруге және шыңдық жүктемелердi тез жабуға мүмкіндік беретін технологиялық шешiмдерге басымдық бердi.
Энергетика саласын дамыту әлеуетін талқылау барысында тараптар Smart Grid жүйелерiн енгiзу, сондай-ақ электр желiлерiнiң сенiмдiлiгiн арттыруға бағытталған жаңа технологиялар бойынша ынтымақтастық мүмкiндіктерін жан-жақты қарастырды. Мұндай инновациялар энергия ағындарын басқаруды оңтайландырып, технологиялық шығындарды азайтуға және әртүрлi генерация көздерін тиімді интеграциялауға мүмкіндік бередi. Бұл өз кезегінде елдің энергетикалық қауіпсiздiгін қамтамасыз етуде маңызды фактор болып табылады.
«Финляндия сенiмдi және интеллектуалды энергия жүйелерiн құруда үлкен тәжiрибеге ие», — деді ҚР Энергетика министрi Ерлан Ақкенженов. — «Біз қуат теңгерiмi бойынша үздік практикалар мен технологияларды трансферлеуге мүдделіміз. Мұндай әріптестік энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, Қазақстанның декарбонизация бағытын қолдайды».
Кездесу соңында тараптар 2026 жылғы көктемде өтетiн Қазақстан–Финляндия Үкiметаралық комиссиясының алдағы отырысына дайындық барысын талқылады.