
28 қарашада Энергетика министрлігі Энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің алқа отырысы өтті. Іс-шараға Комитет басшылығы, аумақтық департаменттердің және салалық бөлімшелердің өкілдері қатысты. Жиынды Комитет төрағасы Ержан Ертаев кіріспе сөзбен ашты.
Отырыстың негізгі күн тәртібі аумақтық департаменттердің қызметінің қорытындыларын шығару, негізгі нәтижелерді, бар проблемаларды және алдағы кезеңнің басым міндеттерін талқылау болды. Алқа барысында жұмыстың стратегиялық бағыттары да, өңірлік деңгейдегі жекелеген тиімділік көрсеткіштері де қаралды.
Аумақтық бөлімшелердің алдын ала қорытындылары туралы баяндама Комитеттің аумақтық департаменттер мониторингі басқармасының басшысы М. Шаймарденова тарапынан ұсынылды. Бұдан кейін тиімділік рейтингіне сәйкес департамент басшыларының есептері тыңдалды, сондай-ақ қосымша талқылаулар мен нақтылаулар үшін уақыт бөлінді.
Отырыс барысында салалық басқармалар тарапынан тақырыптық баяндамалар ұсынылды:
электр желілерін бақылау бойынша – Г. Саттыкова;
жылу желілері, қазандықтар және көмірмен қамтамасыз ету бойынша – Г. Гауанов;
электр станцияларын бақылау бойынша – С. Соббек;
құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша – А. Молдағаипова.
Жиынның қорытынды бөлімінде төраға жалпы талқылаудың нәтижелерін түйіндеп, алдағы кезеңге арналған Комитет жұмысының негізгі бағдарларын айқындады.
Алқа қорытындысы бойынша аумақтық департаменттердің қызметін арттыруға, басқару деңгейлері арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге және энергетикалық қадағалау саласындағы мемлекеттік міндеттердің одан әрі іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шешімдер қабылданды.