Қоғамдық кеңес: мұнай экспорты, зауыттарды жаңғырту және цифрландыру

Қоғамдық кеңес: мұнай экспорты, зауыттарды жаңғырту және цифрландыру

Бүгін Жақып Хайрушевтің төрағалығымен ҚР Энергетика министрлігінің жанындағы отын-энергетика кешені мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс, Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында мұнай-газ саласын дамыту және цифрландыру секторының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Жақсылық Жанқалов сұйытылған мұнай газының маусымдық тапшылығы, электрондық тарату жүйесін енгізу, әділ баға қалыптастыру, өндірушілерді көлемді ұлғайтуға ынталандыру және жаңа газ өңдеу қуаттарын салу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, кеңес мүшелері қазақстандық мұнайды тасымалдау, экспорттық бағыттарды әртараптандыру, МӨЗ-ді жаңғырту және саланы цифрландыру тақырыптарын да қозғады.

Министрлік өкілдері барлық бағыттар бойынша жан-жақты ақпарат беріп, кеңес мүшелерінің ұсыныстары алдағы жұмыста ескерілетінін атап өтті.