Энергетика министрлігі жанындағы Жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша есеп айырысу-қаржы орталығының жаңа бас директоры тағайындалды

Энергетика министрлігі жанындағы Жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша есеп айырысу-қаржы орталығының жаңа бас директоры тағайындалды


Арман Жаңабайұлы Шайханов ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша есеп айырысу-қаржы орталығының бас директоры болып тағайындалды.
Арман Жаңабайұлының энергетика саласында 20 жылдан аса тәжірибесі бар. Ол Екібастұз инженерлік-техникалық институты (ЕИТИ) жылу электр станциялары мамандығы бойынша және Қарағандыдағы Қазтұтынуодағы университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Екібастұздағы энергетикалық нысандарда бастап, далалық оператор, аға қазандық операторы және энергетикалық блок операторы лауазымдарына дейін көтерілді.
2006 жылдан бастап «KEGOC» АҚ-да әртүрлі лауазымды қызметтерде жұмыс істеді. Жетекші маман, бас маман, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, бас жүйелік технолог, Ұлттық энергия жүйесін дамыту департаментінің директоры, Сыртқы байланыстар және трейдинг департаментінің директоры және Ұлттық энергия жүйесін дамыту және жүйелер қызметтері жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының директоры лауазымын атқарды.