Энергетика министрлігі мен Халықаралық валюта қоры ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Энергетика министрлігі мен Халықаралық валюта қоры ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Астана, 2025 жылғы 13 қараша – ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жәркешов Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Қазақстандағы миссиясының басшысы Әли Әл-Эйдпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, сондай-ақ энергетика саласындағы қазіргі үрдістер мен даму перспективаларын қарастырды.

ХВҚ-пен өзара іс-қимыл макроэкономикалық тұрақтылықты нығайтуға және экономиканың стратегиялық маңызды салаларын дамытуға ықпал етеді.

Санжар Жәркешовтің айтуынша, ХВҚ миссиясының сараптамалық және талдамалық қолдауы қазіргі сын-қатерлерді объективті бағалауға және халықаралық стандарттар мен үздік әлемдік тәжірибелерге сай тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Кездесу нәтижесінде тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша сындарлы ынтымақтастық пен пікір алмасуды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.