
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтің төрағалығымен «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» заң жобасын әзірлеу мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Кеңес жұмысына «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А. Магауов, «QazaqGaz» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Б. Тергеусизов, «KMG PetroChem» ЖШС басқарма төрағасы Д. Диянов, сондай-ақ «KAZENERGY» ҚҚ бас директоры Ж. Нұрмағанбетов қатысты.
Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес, Энергетика министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп, мұнай-газ химиясы саласының одан әрі дамуы үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған заң жобасын дайындау жұмыстарын жүргізуде.
Кеңес барысында қатысушылар заң жобасына қатысты өзекті мәселелер мен ұсыныстарды талқылады.
Енді заң жобасын әрі қарай жетілдіру және полимерлік нарықтың даму тізбегін қалыптастыру үшін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен талқылаулар жоспарлануда.