
Мәскеу, 2025 жылғы 11 қараша – ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей Федерациясының Энергетика министрі Сергей Цивилевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аясында энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Министрлер өткен аптада Астанада өткен Үкіметаралық комиссияның 26-отырысының нәтижелеріне тоқталып, бірлескен жұмыстың негізгі қорытындыларын қарастырды.
Сонымен қатар, Ерлан Ақкенженов пен Сергей Цивилев электр энергетикасы мен мұнай-газ саласындағы әріптестікті кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ отын-энергетика кешені аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады.