Энергетика министрлігі сарапшысы әйелдер көшбасшылығын дамыту жобасының финалисі атанды

Энергетика министрлігі сарапшысы әйелдер көшбасшылығын дамыту жобасының финалисі атанды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кәсіби құзыреттілікті дамыту бағыты аясында, Асель Умирбаева – «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау», «Мұнай мен газды қайта өңдеу және өткізу», «Электр және жылу энергетикасы» салалық кеңестерінің сарапшысы, «Күміс алқа» иегері, көпбалалы ана – «AMANAT» партиясының «Tomiris» жобасының IV легінің финалистері қатарына енді.

Жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асырылып, әйелдер көшбасшылығын дамыту мен оларды қоғамдық-саяси үдерістерге тартуға бағытталған.

Биыл жобаға еліміздің барлық өңірінен 165 әйел қатысып, олардың ішінен тек 60 үздік қатысушы финалға өтті. Бағдарлама Астана қаласында өтіп, қатысушылар саясаттағы әйелдердің рөлі, жобалық менеджмент, эмоционалдық интеллект және көшбасшылық құзыреттер тақырыптары бойынша оқудан өтті.

Гендерлік теңдік қағидаттарын ұстана отырып, Энергетика министрлігі әйелдердің кәсіби және көшбасшылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударады. Әйелдердің шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуы – орнықты дамудың кепілі.