
Ағымдағы жылдың 5-қарашасында Вашингтон қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Е. Ақкенженов АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (Office of Foreign Assets Control, OFAC) директоры Брэдли Смитпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар АҚШ-тың санкциялық саясатының Қазақстан экономикасына ықпал ететін жанама әсерлерін азайту және қолданыстағы шектеулер жағдайында әріптестік өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Тараптар өзара құрмет пен сенімге негізделген ашық және прагматикалық диалогты жалғастыруға мүдделі екендерін атап өтіп, кеңестерді тұрақты өткізуге уағдаласты.