Қазақстан мен Финляндия энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастық меморандумына қойды

Қазақстан мен Финляндия энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастық меморандумына қойды

Қазақстан мен Финляндия энергетика саласындағы әріптестік қатынастарды дамыту бағытында жаңа қадам жасады. Финляндия Президенті Александр Стуббтың Астанаға ресми сапары аясында ҚР Энергетика министрлігі мен Финляндияның Экономика және еңбек министрлігі арасында энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжатқа ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен Финляндияның Экономика және еңбек министрлігінің Тұрақты хатшысы Тимо Яаатинен қол қойды.

Меморандум тең құқықтылық және өзара тиімділік қағидаттарына негізделген энергетика мен жасыл экономика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Ынтымақтастық келесі бағыттарды қамтиды: таза және энергия үнемдейтін технологияларды дамыту; энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; электр және жылу энергиясын өндіруді декарбондау; сарапшылармен, технологиялармен және озық тәжірибемен алмасу; екі елдің университеттері, компаниялары мен ғылыми орталықтары арасында бірлескен зерттеу және инновациялық жобаларды іске асыру.

Жаңа Меморандум энергетикалық әріптестікті нығайтуға, төмен көміртекті технологияларды енгізуге және екі ел арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.