Энергетика министрлігінде мемлекеттік тілде құжат әзірлеу бойынша семинар өтті

Энергетика министрлігінде мемлекеттік тілде құжат әзірлеу бойынша семинар өтті

ҚР Энергетика министрлігінде «Мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сапасын арттыру» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға Министрлікке жаңадан қабылданған 30-дан астам мемлекеттік қызметші қатысты.

Семинар Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, Министрліктің іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді. Негізгі мақсат – жаңадан жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілде ресми құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді сапалы әзірлеу бойынша әдістемелік қолдау көрсету.