Энергетика министрлігі: Автожанармай құю стансаларында ЖЖМ бағасы 16 қазан деңгейінде бекітілді

Энергетика министрлігі: Автожанармай құю стансаларында ЖЖМ бағасы 16 қазан деңгейінде бекітілді

қазан деңгейінде бекітілді

Астана, 2025 жылғы 17 қазан – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) бағасына енгізілген уақытша мораторийдің іске асу тәртібін түсіндірді. Бұл шара ішкі нарықты тұрақтандыру және тұтынушылардың мүддесін қорғау мақсатында Үкіметтің тапсырмасына сәйкес қабылданды.

Енгізілген уақытша мораторийдің негізгі принципі – АИ-92 бензині мен дизель отынының бөлшек сауда бағасын автожанармай құю стансаларында (АЖҚС) 2025 жылғы 16 қазандағы деңгейде сақтау. Ел аумағында бірыңғай шекті баға белгілеу қарастырылмаған. Мұндай икемді тәсіл нарықтағы бәсекелестікті сақтап қалуға мүмкіндік беріп, операторлар арасындағы баға айырмашылығын түсіндіреді.

Қазіргі таңда ірі жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин бағасы литріне 213–239 теңге, дизель отыны – 317–337 теңге аралығында. 

Бұл шараны іске асыру нарық қатысушыларымен нақты үйлестірілген жұмыс арқылы жүзеге асуда.  Жағдайды тұрақтандыру мақсатында Энергетика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, алдын алу шараларын қолға алды. Кеше, 16 қазанда ірі көтерме жеткізушілер мен жанармай құю станциялары желілері басшыларының қатысуымен кеңес өтті.  

Кеңесте Үкіметтің ЖЖМ бағасын одан әрі көтеруге жол бермеу жөніндегі нақты ұстанымы жеткізілді. БҚДА тарапынан күнделікті мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда монополияға қарсы шаралар қабылданатын болады.

Елімізде жанармай қоры 3–4 аптаға жеткілікті деңгейде және тұрақты толықтырылып отырады. Қазіргі таңда АИ-92 бензинінің көлемі 341 мың тоннаны, дизель отыны – 405 мың тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіштер бағаның тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді. Екі отандық мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ал Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуден кейін 25 қазаннан бастап кезең-кезеңімен іске қосылады, бұл нарықтағы теңгерімді нығайтуға септігін тигізеді.  

Энергетика министрлігі мораторийдің сақталуын бақылап, аймақтық штабтар мен нарық қатысушыларымен үйлестіру жұмыстарын жүргізеді. Нарықтағы жағдай Үкіметтің жіті бақылауында.

на постоянном контроле Правительства Республики Казахстан.