Кеңеске министрліктің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті директорының орынбасары Талғат Мақуов төрағалық етті.
Жиында мұнайды терең өңдеу, мұнай-химия саласын дамыту және жоғары сапалы мұнай өнімдерін өндіру бағытында жоғары білікті кадрларды даярлау мәселелері қаралды.
Талғат Мақуов өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты жаңа буын отандық инженер кадрларды дайындаудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, елімізде мұнайды терең өңдеудің жаңа технологияларын енгізуге байланысты инженер мамандарға деген сұраныс алдағы уақытта арта түседі.
Шара соңында «Мұнай мен газды өңдеу және өткізу» бағыты бойынша кәсіби біліктілікті дамытуға елеулі үлес қосқан жұмыс тобының 22 мүшесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Олар кәсіби стандарттардың нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, талқылау және бекітуге белсене қатысқан.
Марапатталғандар қатарында мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы өндірістік кәсіпорындардың, жоғары оқу орындарының (оның ішінде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы Республикалық Химиялық инженерия және процестер бағытындағы оқу-әдістемелік бірлестік), ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің өкілдері бар.