Шымкентте экономикалық саясаттың негізгі аспектілері түсіндірілді

Шымкентте экономикалық саясаттың негізгі аспектілері түсіндірілді

Шымкент қаласында ҚР Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Кездесуде орталық мемлекеттік органдардың өкілдері экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, жаңа Салық кодексінің ережелерін, тарифтік саясатты, жанар-жағармай мен коммуналдық қызметтердің бағасын қалыптастыру мәселелерін түсіндірді.

Қатысушыларға толық түсіндірмелер беріліп, бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған ұсыныстар айтылды.