7 қазан күні Ақтөбеде Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Ақтөбе облысының бизнес өкілдері, мәслихат депутаттары мен жергілікті атқарушы органдармен кездесу өткізді. Кездесу экономикалық саясаттың негізгі аспектілерін түсіндіруге арналды.
Жиынға салалық министрліктердің өкілдері де қатысты. Отырыста экономикалық саясат, жаңа Салық кодексі, тарифтік саясат, жанар-жағармай және коммуналдық қызметтердің баға қалыптастырылуы мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында жан-жақты түсіндірмелер беріліп, реттеу механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды, мемлекет пен бизнес арасындағы конструктивті өзара іс-қимыл бағыттары белгіленді.