Мемлекет пен бизнес диалогы: Оралда экономикалық саясат түсіндірілді

Мемлекет пен бизнес диалогы: Оралда экономикалық саясат түсіндірілді

6 қазанда Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы бизнес өкілдері мен мәслихат депутаттарының қатысуымен Қазақстанның экономикалық саясатын түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Жұмыс тобын Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов бастап, жиынға Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасының орынбасары, табиғи монополияларды реттеу комитетінің орынбасары, Сауда комитетінің орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы басқармасының басшысы қатысты.

Кездесуде коммуналдық секторды қаржыландыру, шекарадағы электрондық кезек жүйесінің жұмысы және жаңа Салық кодексінің ережелері талқыланды.

Жиында мемлекеттік органдар тарапынан түсіндірмелер мен болашақта бірлесіп жұмыс жасау бағытындағы ұсыныстар берілді. Кәсіпкерлер өздерін алаңдатқан сұрақтарға толық жауап алды.

Қатысушылар бизнес пен мемлекет арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын, сондай-ақ өзгерістерге алдын ала дайындалу мүмкіндігін баса айтты.