Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша Салалық комиссияның отырысы өтті

Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша Салалық комиссияның отырысы өтті

2025 жылғы 30 қыркүйекте ҚР Энергетика министрлігінде мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия салаларындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химиясы салаларында әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асырудың түйінді мәселелері қаралды. Сондай-ақ салалық комиссияның құрамына 2025 жылға өзгерістер енгізілді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ахуал бойынша өкілдері баяндама жасады. Сонымен қатар Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері баяндама жасады. Олар ағымдағы жылдың сегіз айында еңбек жанжалдарының алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және мұнай-газ саласындағы өндірістік жарақаттануды азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен оның Ақтау қаласындағы өкілдігінің әлеуметтік әріптестікті нығайту, еңбек дауларының алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар отырысқа қатысушылар 2026-2028 жылдарға арналған мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия салаларындағы жаңа Салалық келісімнің жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының қызметін қайта бастауды талқылады.