Бүгінде еліміз бойынша көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың жалпы саны – 327, оның ішінде барлау бойынша – 133, дайындық кезеңінде – 12, өндіру бойынша – 182.
ҚР Энергетика министрлігі 2025 жылғы 1 маусымнан бастап қолданыстағы заңнамаға сәйкес көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауын мониторингілеу бойынша кешенді жұмыс жүргізді.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде салынған айыппұлдар мен берешектердің жалпы сомасы 50 млрд теңгені құрады, оның ішінде 2024 жыл бойынша – 19 млрд теңге.
Жер қойнауын пайдаланушылардың атына 160-тан астам хабарлама жолданды. Қазіргі таңда шамамен 1 млрд теңге өтелді, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Сондай-ақ, Министрлікпен ағымдағы жылдың 9 айында жер қойнауын пайдалану бойынша 11 келісімшарттың күші жойылды.