Энергетика министрлігі «Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) дайындады, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.
- Қаулы жобасы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі және «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
- Қаулы жобасында осы Қағидаларды пайдалану кезінде нақты түсіну үшін «ірі гидроэлектр станциясы» деген жаңа анықтама ұсынылады.
- Бұдан басқа, «Kaz PV» терминінің анық және әртүрлі түсіндірілуіне жатпайтын мазмұнын қамту мақсатында «Қазақстандық кремний (Kaz PV) негізіндегі фотоэлектрлік модульдер – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген кремнийді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасында орналасқан кәсіпорындарда дайындалған фотоэлектрлік модульдер» деген жаңа анықтама ұсынылады.
Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Фото informburo.kz сайтынан