2025 жылғы 17 қыргүйек — ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек TNF форумының «Энергетикалық көшбасшылық: отын-энергетика кешенінің болашағы» атты іскерлік кездесуге қатысты. Шарада энергетика саласындағы негізгі үдерістер мен сын-қатерлер талқыланды.
Сондай-ақ, вице-министр бұрғылау және ұңғымаларды аяқтау жабдықтарын шығаратын жаңа зауыттың салтанатты ашылуына қатысты.
Форум EXPO TNF көрмесі мен «Технологиялық көшбасшылық: күш біріктіру» атты пленарлық сессиямен жалғасты. Бұл алаңда инновациялық шешімдер мен отын-энергетика кешенінің стратегиялық даму басымдықтары сөз болды. Вице-министр Ресей энергетика саласында Қазақстанның басты серіктестерінің бірі саналатынын атап өтті. Қазіргі таңда екі ел арасында барлау, көмірсутектер өндіруден бастап, жаңартылатын энергия көздеріне дейінгі бірқатар бірлескен жобалар іске асырылуда.
TNF-2025 форумы энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда және тәжірибе алмасуда жетекші диалог алаңы ретіндегі мәртебесін тағы да дәлелдеді.