АСТАНА, 2025 жылғы 15 қыргүйек – Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (OPEK) 65 жылдығына орай Қазақстан Республикасы OPEK-ке мүше мемлекеттер мен Ұйым Хатшылығын шын жүректен құттықтайды.
OPEK әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндіруші және тұтынушы елдер арасындағы сындарлы диалогты ілгерілету, сондай-ақ жаһандық энергетика саласының тұрақты дамуына қолдау көрсетуе маңызды рөл атқарып келеді. Ұйым құрылған сәтінен бастап жаһандық энергетика нарығындағы өзекті мәселелерді шешуде даналықты, стратегиялық көрегендікті және ұйымшылдықты тұрақты түрде танытып келеді.
Қазақстан OPEK-пен арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалайды және бұл серіктестіктің одан әрі тереңдей түсіп, жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке, мұнай нарығының ұзақмерзімді тұрақтылығына және орнықты экономикалық өсуге үлес қосатынына сенім білдіреді.