Азия даму банкі мен Қазақстан жылумен қамту саласын декарбонизациялау құралдарын іске қосты

Азия даму банкі мен Қазақстан жылумен қамту саласын декарбонизациялау құралдарын іске қосты

2025 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласында Азия даму банкінің «Қазақстанның жылу энергетика секторын декарбонизациялау» жобасы аясында қорытынды семинары өтті. Іс-шараға Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, жергілікті атқарушы органдар, орталықтандырылған жылумен жабдықтау кәсіпорындары, жобалау және жоспарлау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ АДБ мен Dornier компаниясының сарапшылары қатысты.

Семинар барысында көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға бағытталған жобаның нәтижелері ұсынылды. Сонымен қатар, Қазақстанның ірі қалалары үшін Жылумен жабдықтау схемаларын әзірлеудің бірінші кезеңі іске қосылды.

Іс-шарада Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов пен Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Утсав Кумар құттықтау сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығын атап өтті.

Dornier компаниясының жобалық жетекшісі Илька Левингтон KEEP 5 жобасын іске асыру бойынша қорытынды есепті таныстырды.
Семинар аясында қатысушылар жылумен жабдықтау саласын орнықты даму жолына көшіру басымдықтарын, Жылумен жабдықтау схемаларын әзірлеу ережелері мен әдістемелерін енгізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, оларды іске асырудың нақты тетіктері мен кезеңдері қарастырылды.

Семинар жылу энергетика саласын жаңғырту бойынша тәжірибе алмасуға және алдағы қадамдарды айқындауға арналған маңызды алаңға айналды.