Энергетика министрлігінің қызметкерлері республикалық спартакиадаға қатысты

Энергетика министрлігінің қызметкерлері республикалық спартакиадаға қатысты

2025 жылғы 4–7 қыркүйек аралығында Астанада орталық мемлекеттік органдар арасында республикалық спартакиада өтті. Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бірлесе ұйымдастырды.

Энергетика министрлігінің қызметкерлері ведомство намысын сегіз спорт түрінен қорғады: волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат, 3х3 баскетбол және тағы басқа бағыттарда.

Бұл спартакиада мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, ұжымдық рухты нығайтатын маңызды алаңға айналды.