ҚР Энергетика министрінің Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен құттықтауы

ҚР Энергетика министрінің Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен құттықтауы

ұрметті әріптестер! Қымбатты ардагерлер!

Сіздерді Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл — еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін, экономиканың дамуын және өңірлерде тұрақтылықты қамтамасыз етіп отырған мамандардың мерекесі.

Бір кездері қазақстандық мұнайдың тарихы ең қарапайым жағдайлардан басталды — қара алтын түйелердің көмегімен өндірілді. Бұл алғашқы мұнайшылардың жанкешті әрі ауыр, еңбегі болатын. Бүгінде біз олардың ісін заманауи технологиялар және үлкен мақсаттармен жалғастырып келеміз.

Әрбір тонна мұнай мен газдың, бензин мен дизелдің артында — геологтардың, бұрғылаушылардың, инженерлердің, операторлар, қайта өңдеушілер мен тасымалдаушылардың және мыңдаған салалық мамандардың еңбегі тұр. Бүгінде мұнай-газ саласында миллионнан астам адам еңбек етеді. Мұнай-газ секторы ел экономикасының негізі және Қазақстандағы маңызды жұмыс беруші болып табылады.

Мамандардың кәсібилігі мен адалдығының арқасында мұнай-газ саласы ұлттық дамудың тірегіне айналып отыр.

Біздің тарихымыз бай, жетістіктеріміз — ауқымды. Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған — қазіргі энергетиканың символдарына айналды. Жуырда Қазақстан алғаш рет жылына жүз миллион тонна мұнай өндіру көрсеткішіне жетпек. Бұл оқиға еліміздің әлемдік энергетикалық нарықтағы позициясын одан әрі нығайтады.

Қазақстанда дамыған мұнай-газ саласы қалыптасты. Үлкен жобалар жүзеге асып, зауыттар мен газ құбырлары салынуда. Мұның бәрі жаңа жұмыс орындарын ашып, Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.

Қымбатты әріптестер, осы жетістіктердің барлығы ортақ еңбектің жемісі. Энергетика министрлігі және өз атымнан баршаңызға алғысымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, амандық және жаңа жетістіктер тілеймін! Кәсіби мереке құтты болсын!