QazaqGaz ұлттық компаниясының 25 жылдығына арналған салтанатты жиында мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды. ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мемлекет басшысының атынан газ саласының қызметкерлеріне мұнай-газ саласын дамытуға және энергетикалық әлеуетті нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық адал еңбегі үшін «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады.
«Газ саласы — Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінің тірегі. Бүгінгі марапаттар — сіздердің елдің орнықты дамуына қосқан зор үлестеріңіздің мойындалуы», — деді ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов марапаттау рәсімі барысында.
Сондай-ақ, Ерлан Ақкенженов газ саласының ардагерлері мен кәсіпорын қызметкерлеріне «QazaqGaz» мерейтойлық медалін, Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін, «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісін, сондай-ақ «Мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі үшін» ведомстволық медальдарын табыстады. Бұл наградалар еліміздің экономикасы мен энергетика саласын дамытуға қосқан зор үлестің айқын дәлелі болды.